Өткен 2018 жыл әлемдік сауда үшін ауыр жыл болды. Құнды қағаздар базары аумалы-төкпелі күйге түсіп, әлемнің ең ірі экономикасы еркін сауда ағымына қарсы шараларға бой ұрды. Бір дәуірде Құрама Штат әлемді еркін сауда ағымына бастаған ел ретінде танылған еді. Президент Трамп болыса, АҚШ кәсіпорындарының «күйреуге жақындаған сауда келісімдерінің кесірінен» ауыр зардап тартып жатқанын айтып, бірқатар халықаралық келісімдерден тізгінін бұра тартты.
Еркін сауда деген не?
Дей тұрғанмен, әлем елдерінің экономика сарапшылары 2019 жылы Еуропа мен Азия елдері еркін сауданы қолдау әрекеттерін күшейтеді деп болжап отыр. Еркін сауда келісімі бойынша кеден салықтары төмендетіледі немесе толығымен жойылады, тауар жеткізуде жеңілдіктер мейлінше көп болады. Кедендік салықты шекарадағы салық төлемі деп түсінсек болады. Яғни, әлем елдері ішкі экономиканы жандандыру, отандық өндірісіне қолдау көрсету үшін шекарадан кірген шетелдік өнімдерге салық салады.
Ал, еркін сауда келісімдері бұндай салықтарды төмендетеді немесе кейбір тауар түрлерінде салықты жоғалтады. Сауда тармақтарындағы барлық кедергілерді жоюға тырысады. Бұнымен қарата импортқа бағытталған квоталарды да жояды. Бұндай жағдайда бәсекелестік күшейіп, тауарлардың бағасы арзандап, сапасы жоғарлай түседі деп болжанған. Дегенмен, ірі өндіріс елдері шағын елдердің ішкі өндірісін тұншықтырып, сауда теңсіздігі туылатыны еркін сауданың күрделі қайшылығы болып келеді.
Құрама Штат Транс-Тынық мұхит ынтымақтастығынан (TPP) шығып кеткеннен кейін, бұл Транс-Тынық мұхит серіктестерінің көпжақты және прогрессивті келісімі (CP TPP) болып өзгерді. Келісімге Аустралия (Австралия), Жапония, Канада, Мексика, Сингапур секілді Құрама Штаттың одақтастары бар 11 мемлекет қол қойды.
CP TPP-ның келісімі 500 млн халық жасайтын аймақты қамтып жатыр. Оның үстіне кедендік салықтардың 95 пайызына жуығы толықтай алынып тасталмақ. Бұл келісімдер Аустралия, Канада, Мексика, Жапония, Жаңа Зеландия мен Сингапурда қазірдің өзінде жүзеге асып жатыр.
Ал, Жапония мен Еуропа Одағы арасындағы еркін сауда келісімі 1 ақпаннан бастап күшіне енетін болды.
TPP ішінде 2013 жылдан бері жасалған келіссөздер нәтижесінде әлемнің 600 млн халқы жасап жатқан аймақтар еркін сауда ағымына кірді. Сондай-ақ, келісім климат өзгерістері мен ғаламдық даму мәселелерінде талқылап келеді.
Алайда, бұл келісімдер Құрама Штаттың өз базарын қорғау саясаттарына қарсы келеді. 2018 жылы әлемнің бірінші және екінші экономикасын иелеп отырған АҚШ пен Қытай арасында 600 млрд АҚШ доллары көлеміндегі сауда таласы қозғалып, тараптардың сауда тармақтары оңбай зардап шекті. Ал, әлемнің үшін экономикасын иелеп отырған Жапонияның екі келісімге қол қойғаны өзгелерге үміт пен қуаныш сыйлап отыр. 2019 жылы күшіне енетін келісімдер әлемдік еркін сауданы алға ілгерілетеді деп де күтілуде.
Қалыптасқан жағдай әлемдегі ірі экономикаға ие елдермен өзге елдердің арасында жаңа сауда қатынасын қалыптастыруы мүмкін. 2019 жылы әлем экономикасында өзгерістер көп болатыны болжанып отыр.