АҚШ президенті Дональд Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Элис Уэллс Астана қаласында өткен брифингте Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаған үндеуін жеткізді.
«Мен сіздерге Трамп мырзаның Қазақстан халқын алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаған сәлемдемесін жеткізгім келеді. Біз сіздердің елдеріңізге жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Екіжақтық бас қосуда біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігін және сіздердің Нью-Йоркте жүргізіп отырған саясаттарыңыз жөнінде сөйлестік. Біз алдағы уақытта екіжақтық қарым-қатынасымызды одан ары дамытуға мүдделі екендігімізді баса айтқымыз келеді» - деп мәлімдеді Уэллс.
Естеріңізге салайық, жетоқсан айының 8-і күні Астана қаласына Элис Уэллс бастаған АҚШ делегациясы келген. Олар сол уақыттан бері Қазақстан тарапымен екі жақтық басқосулар өткізіп, стратегиялық әріптестік, аймақтық және әлемдік қауіпсіздік, терроризммен күрес, сауда-экономикалық байланыс, адам құқығы, "С5+1" форматы аясында жұмыс істеу сияқты мәселелер талқылауда. Екіжақтық басқосулар 12 желтоқсанға дейін жалғасады.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап