Түркіменстанда жанармай құю бекеттерінде тағы да бензин тапшылығы байқалуда.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Лебап және Дашогуз облыстарында жанармай сатылмай жатыр. Соңғы екі аптадан бері Дашогуз елді-мекенінде бензин жоқ. Дәл осындай жағдай Лебап облысында да кездеседі. АИ-95 маркалы бензин мүлдем сатылмайды. Тек АИ-80 маркалы жанармай шектеулі күйінде сатылуда.Жанармай бекеттерінің басым көпшілігі бос тұр. Бензин бар бекеттердің өзі жанармайды тек 10 литрден ғана сатуда.
Осыған дейін БАҚ өкілдері 2019 жылдың басынан бастап Түркіменстанда жанармай бағасы қымбаттайды деп хабарлаған.
Бір қызығы, тапшылық болып жатқан тұста, Түркіменстан билігі «мұнай өнімдерін шығару және экспорттау жоспардан асыра орындалды» деп есеп беріп жатыр.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап