2018 жылдың 5 мамырында NASA ғарыш агенттігі InSight зондын Марсқа ұшыру миссиясын сәтті іске қосқан еді. Кеше, яғни, 26 Қараша күні, робот зымыраны Қызыл планетаға қонып, ең қауіпті сатысынан өтті.
Қалай қонды?
InSight - тің Марсқа қону процесі күрделі әрі қауіпті процестердің бірі болды. Тапсырманың сәтті орындалуы үшін, яғни, қауіпсіз қонуы үшін ұшу жылдамдығын төмендету жоспарланған. Алайда, құрылғының Марс атмосферасына шамамен 20 мың км/с жылдамдықпен кіруіне байланысты, дивайстің қорғаныш панелі 1000 градус Цельсийден де жоғары температураға дейін қызып кеткен. Дегенмен, оған қарамастан ешқандай апатсыз тиісті жеріне жетті. Тағы бір айта кетеін жайт, құрылғының жылдамдығын азайтып, оны Қызыл планетаға қондыру автоматты режимде орын алады. Аталған құрылғы планетаға термо қорғаушы экран бетімен қарап, бұдан соң жылдамдығын барынша сәл баяулатып, парашюттерін шығарды. Ал Марстан сигнал беру шамамен 8 минутқа созылды.
InSight құрылғысының бортында екі басты құрал - бұрғылау зонды және жоғары дәлдіктегі сейсмографтардың жиынтығы бар. Аталмыш құрылғылардың көмегімен зерттеушілер планетада орын алатын жер сілкіністерін зерттеп, оның табиғат апаты әсерінен немесе метеориттердің құлауынан пайда болатындығын анықтайды.
InSight ғарыш кемесінің Марсқа қону сәті
InSight - тің Марсқа бұған дейін қонған Curiosity және Opportunity құрылғыларынан ерекшелігі - ол қозғала алмайды. Жалпы, бұл девайс Марста 720 күннен астам уақыт болады деп жоспарланған. Осы уақыт аралығында оның басты мақсаты - планетаның ішкі құрылымы туралы деректер жинау.
Бұл не үшін маңызды?
Марсқа InSight құрылғысын қондыру NASA инженерлері үшін де оңай болған жоқ. Оны NASA ғимаратында түсірілген бейнеден анық көруге болады. Өйткені, кішкентай қателіктің өзі 850 миллион АҚШ доллар тұратын миссияны сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін еді.
Егер 2012 жылы Curiosity роботын Марсқа қондыру «7 минуттық үрей» деп аталса, InSight - тің Марс бетіне қонуын "6 минуттық үрей" деп аталды.
Жалпы, InSight құрылғысы Жерден Марсқа дейін 146 миллион шақырым қашықтықта ұшты. Оның миссиясы бізге жақын планеталардың бірі қалай пайдa болды және қалай дамып жатқандығын зерттеп, ақпарат беру.
Айта кетейік, 1971 жылдан бері Марсқа қонған 11 робот техникасының үшеуі ғана қону кезінде апатқа ұшыраған болатын. Олар - американдық Mars Polar Lander (1999), британдық Beagle 2 (2003) және еуропалық Schiaparelli (2016).