Ауғанстанның ресми тұлғалары таратқан мәліметте, Кабулдағы діни лауазымдылар жиналысында жанкешті жасаған жарылыстан кемінде 50 адам қаза тауып, 83 адам жарақат алған.
Ауғанстан Ішкі істер министрінің мәліметіне қарағанда, жанкешті денесіне байлаған жарылғышты жарып жіберген. Жарылыс кезінде жергілікті діни лауазымдылар Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген «Мәуліт күнін» атап өтуге жиналған. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі тарабынан берілген мәліметте, 24 адамның емханаға жеткізілгені айтылады.
Ел президенті Ашраф Гани мәлімдеме жасап, шабуылды айыптады және сәрсенбі күні, яғни бүгін Ауғанстан көлемінде аталған шабуылда қаза тапқандарға аза тұтып, Ауғанстанның және сол елде тұратын шетелдік орталықтардың, елшіліктердің туы жартылай түсірілетінін айтты.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болған орында 1000-ға жуық адам және елдегі беделді діни лауазымдылар болған.
Талибан тарабы мәлімдеме жасап, діни бас қосудағы жарылысты айыптады және шабуылдың Талибан тарабынан жасалмағанын жеткізді. Кейбір ақпарат көздері, жарылысты жасағандар «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының Ауғанстандағы күштері болуы мүмкін деп санайды. Талибан ұйымның жарылысты айыптауы «ДАИШ» күштеріне деген күмәнді арттырады.
Ауғанстандағы халықаралық ұйымдар мен АҚШ елшілігін қамтыған шетел елшіліктері жарылысты айыптап мәлімдеме таратқан. Олар шабуылдың Мұхаммед пайғамбардың туған күніне орай өткізілген діни мереке кезінде жасалуын қатаң сынға алған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?