Қызылжар (Петропавл) қаласында нан бағасы қымбаттады.
Қызылжарда бөлке нан бағасы соңғы екі айда 15 пайызға қымбаттады. Дүкендерде осы уақытқа дейін 80 таңгеден саудаланып келген нан бағасы қазір 90-95 теңгеден сатылуда.
Жергілікті билік өкілдері нан бағасының қымбаттауын шығындардың көбеюімен байланыстырады.
Соңғы екі-үш айда Қызылжарда дизель бағасы 20 пайызға өскен. Бұған қоса су, коммуналды және кәріз қызметтері де өткен жылдармен салыстырғанда біршама қымбаттаған.
Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі отырысында коммуналдық қызмет терифтерін арзандату керектігін айтқан. Осыдан кейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тиісті министрліктерге тарифтер бағасын қадағалауға тапсырма берген.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды