НАСА мен «Роскосмос» бірігіп апат болған «Союз-ФГ» кемесінің барлық бөлшектерімен жұмыстарын бітірді. Осыған байланысты Халықаралық космос бекетінен келесі экипаждарды ұшыруға дайын екендіктерін мәлімдеген. Бұл туралы НАСА-ның пилотир бағдарламалары бойынша басшысының орынбасары Уильям Герстенмайер хабарлады.
«Біз өте тығыз байланыста жұмыстар атқарудамыз. Бірнеше рет кездесіп, Мәскеуде де осы сұрақтар бойынша екі-үш мәрте болдым. Көптеген ақпараттармен бөлісіп «Роскосмоспен» бірге келесі экипаждарды ұшыруға дайынбыз. НАСА және «Роскосмос» комиссия мүшелері барлық тексеруді толықтай аяқтап, келесі рет қайталамас үшін әрбір бөлікті жете назарда ұстадық» деп мәлімдеді.
Заманауи Ресей тарихындағы алғашқы оқиға 11 қазан күні апатты жағдаймен аяқталған болатын. «Союз-ФГ» зымыранын тасмалдаушы «Союз МС-10» кемені ғаламға шығара алмаған. Бірақ, Халықаралық Космос Станциясының космонавтарды арнайы түсіргіш аппараттары арқылы экипаж мүшелерін дін аман жерге түсіруіне мүмкін болған.
Аталған тапсырма бойынша көкке көтерілген ресейлік Алексей Овчинин мен америкалық Ник Хейгке ешқандай қауіп төнген жоқ. Овчинин үшін бұл мансап жолындағы екінші реткі ұшуы. 2016 жылы космоста 172 тәулік өткізсе, Хейгтің алғашқы сапары сәтсіздікпен аяқталды.
Кейіннен арнайы комиссия мүшелері апаттың негізі себебі төрт жақты датчиктің бірінің істен шыққандығы екендігін айтқан. Оны кемені жинау барысында космодромда майыстырып жіберген. Бүйірдегі датчиктің жұмыс істемеуінен түтіндеп, кейіннен қышқылданған.
Енді алда ұшырылуға дайындалып жатқан зымыран кемесінен бұл олқылықтардың барлығы жойылады деп НАСА өкілдері сенімді түрде мәлімдеп отыр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі