Олимпиада  – әлем назарын бірден өзіне тартатын дүбірлі дода. Ел намысын нардай көтеріп келетін спортшылар ақ тер, көк тер болып, барын салатыны анық. Жалпы жазғы-қысқы спорттың көптеген түрлері бар. Олимпиаданың өзіндік жүйесі мен тәртібі болады. Соған байланысты кейбір спорт түрлері мүлдем  программадан алынып тасталған.  Олимпиадада бір-ақ рет ойналған сайыстар да бар екен. Оған себеп:  спорттың танымал еместігі немесе аталмыш спорт түріне сұраныстың жоқтығы. Аfigenchik сондай «қатардан шығып қалған» спорт  түрлерін анықтады. Көріңіздер.

Арқан тартыс

Фото: Аfigenchik

Негізінде, бұл – қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Мектеп оқушыларынан бастап ересектерге дейін қызығып ойнайтын спорт түрі. Ал 1900 жыл мен 1920 жылдар аралығында Олимпиада ойындарының қатарында болған екен. Осы кезеңде болған 5 Олимпиадада аталмыш «Арқан тартыстың» көп медалі британдықтардың еншісіне кеткен.  Қазіргі күні тек жазғы лагерлер мен сыра фестивалінде өтіп тұрады.

Шаңғымен мәнерлеп сырғанау

Фото: afigenchik

Басқаша айтқанда, «акробатикалық шаңғы»  1960-2000 жылдар аралығында танымал болды. Ал 1988-1992 жылдар арасында жазңы Олимпиада ойындарының программасында болды.

Кедергілерге жүзу

Фото: afigenchik

Бұл спорт түрі 1900 жылы бір-ақ рет Олимпиадада ойналды. Ойын шарты бойынша, 12 спортшы қатысты және олар 200 метр қашықтықты белгілі бір 3 кедергіні бағындырып жүзіп өтуі тиіс.

Бенди

Фото: afigenchik

Шайбымен емес, доппен ойналатын хоккей түрі 1952 жылы Осло қаласындағы Олимпиада ойындарына енгізілген. Бір-ақ рет. Сол сезде сайысқа үші команда – Норвегия, Финляндия мен Швеция қатысты.

Шаңғымен жылдамдыққа сырғанау

Фото: afigenchik

Бұл спорт түрі – 1992 жылы Олимпиада программасына енгізілген ең қауіпті ойындардың бірі болды. Жылдамдық рекорды 255 км/сағ. «Шаңғымен жылдамдыққа сырғанау» спортын, жаттығу жасап жатқан бір спортшының өлімінен кейін, ресми түрде  тыйым салынды.

Скиджоринг

Фото: afigenchik

Бұл ойындарда иттер, жылқылар немесе автокөліктің көмегімен, белгілі бір арқанмен мықтап ұстап алып, спортшылар шаңғымен артынан ілеседі. Скиджоринг ойыны әлі де әуесқойлар арасында әлі де өткізіліп тұрады екен.

«The Qazaq Times»