23 шілдеде Жапония астанасы Токиода басталатын Олимпиада ойындары көрерменсіз өтеді. Бұл туралы өлкенің Олимпиада істері бойынша министрі Тамаё Марукава мәлімдеді.
Оның сөзінше, мұндай шешім коронавирустың "дельта" деп аталатын жаңа штамының жайылуына байланысты қабылданған.
"Көрермендер бас қаланың сыртында өтетін бірқатар жарыстарға кіргізілуі мүмкін. Ол бойынша шешімді аймақ билігі қабылдайды" деді министр.
Осыған дейін жапон үкіметі ойындардың ашылу салтанатын көрерменсіз өткізу және жарыстарға он мыңнан аспайтын жергілікті тұрғындарды кіргізу жөнінде шешім қабылдаған.
Былтыр коронавирус пандемиясынан кейінге шегерілген Олимпиада ойындары биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін болды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел