Осыдан біраз уақыт бұрын жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан Әли Демирді тәртіп сақшылары елден аластатуды талап етуде. 

18 қыркүйек күні, 28 жастағы түркиялық азамат жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққандығы туралы бейнеролик әлеуметтік желіге тарағандығы белгілі. Аталған іске байланысты полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туарлы кодексының 606 бабының 1 тамағына сәйкес,  24 050 теңге  және сақтандыру құжатының болмағанына байланысты тағыда 10 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салған.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Көші-қон басқармасының өкілдері Әли Эбузер Демирді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексының 517 бабы бойынша ("Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы") әкімшілік жауапкершілікке тартқан.  Қазіргі уақытта Әли Эбузер Демирді қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы елден аластатуға байланысты өтініш берілген.

Бұған дейін 7 жылдан бері Қазақстан аумағында нәпақасын тауып жүрген Әли Демир өзінің аталмыш іс-әрекеті үшін Николай Кучмадан кешірім сұраған. Кейіннен БАҚ беттерінде Кучманың оны кешіргендігі жөнінде ақпарат тараған.

"The Qazaq Times"