Өндіруші компания жаңа дисплейлерді тестілеуден өткізіп жатыр. Жоғары технологияның дамығандығының тағы бір дәлелі: болашақта iPhone-ның жаңа иілгіш OLED-экрандары болады. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Алайда, Блумберг  биылғы жылы шығарылатын «Apple» смартфондар қарапайым  OLED-экранды болатындығын жеткізіп отыр. Ал смартфондардың одан кейінгі «ұрпағы» иілгіш болатын болады.

Дисплейлерді жеткізуші ретінде BOE Technology компаниясының аты аталады. Бұл –  әлем нарығындағы  LCD-экрандар өндіретін  ең ірі компаниялардың бірі. Болашақта шығарылатын бұл iPhone иесін танитын және  «Apple» тарихындағы  ең қымбат телефон болмақ.

«The Qazaq Times»