«Apple» компаниясы Британияның болашағына қатысты оптимистік көзқараста», – дейді технологиялық гиганттың атқарушы директоры Тим Куг елдің премьер-министрі Тереза Мэймен кездесуінде. Бұл туралы bbc.com жариялаған.
Даунинг-стрит қаласында «Apple» компаниясының басшысы Тим Куг пен Ұлыбританияның премьер-министрінің ресми кездесуі өткен. «Еуроодақтың құрамында болмаса да, Ұлыбританияда бәрі жақсы болады». Тим Куг Тереза Мэйге осылай айтты.
Сондай-ақ, Тим Куг: «Біз Ұлыбританияға сенеміз – біз сіздерде барлығы жақсы болады деп ойлаймыз. Иә, жолда біршама қиыншылықтар болуы мүмкін. Бірақ Ұлыбритания оны жеңеді», – деді.
Дегенмен, Тим Кугтың сөздері АҚШ Британия экономикасына «брекситтен кейін» инвестиция құймайды деген Америка сауда палатасына қатысты Халықаралық департаменті басшысының сөзімен сәйкес келмейді.
Майрон Бриллиант Би-би-сиге берген сұхбатында мыңдаған америкалық компаниялардың алаңдаушылық танытып отырғандығын айтқан. Себебі, Ұлыбритания ЕО-дан кеткенде көптеген заңдар мен жүйелер өзгеріп кетуі мүмкін деп есептейді.

Баттерси электростанциясының ғимараты Apple компаниясына тиесілі болады. Фото: bbc.com
Айта кететіні, «Apple» компаниясы мен инновациясы Ұлыбританияны 300мың адамын жұмысқа жұмылдырып отыр. Сонымен қатар, «Apple» Лондонда өзінің штаб-пәтерін салуды жоспарлап отыр.
Жаңа штаб-пәтер бұрыннан бері жабық тұрған Баттерси электростанциясы болмақ. Компания 2021 жылы осында 1600 қызметкерді жұмысқа кіргіземіз деп жоспарлап отыр.
«Thе Qazaq Times»


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау