Осы аптада Samsung Electronics компаниясы бәсеке қысымына байланысты Қытай нарығына ұялы телефондар шығаруды тоқтатқанын мәлімдеді. Аталған компания шығынды тежеп, тиімділікті арттыру үшін осы қадамға барғанын айтады.
Samsung компаниясы бұған дейін Қытайдағы зауыттарын жапқан болатын. Соңғы бір ғана зауыты Гуаңдұң провинциясында орналасқан. Компания Қытайдағы соңғы зауытының өндірісін маусым айынан бастап тоқтатты. Дегенмен, Samsung осыған дейін Қытай нарығына бағытталған өнімдерін сатуды жалғастыратынын айтқан.
Аталған электроника алыбы Қытайдағы зауыттарын жапқанымен, Үндістан және Вьетнамдағы өндірісін кеңейтуде. Қытайда өндіргіш күштің қымбаттауы көптеген компаниялардың Қытайдан шығып кетуіне себеп болды. Қазір ірі өндірушілер Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне қарай ойысуда.
Counterpoint нарықтық зерттеу компаниясының айтуынша, 2013 жылы Samsung өнімдері Қытай нарығындағы ұқсас өнімдердің 15 пайызын иелеген. Алайда, Қытайдың «Хуавей» және Xiaomi секілді жергілікті компанияларының дамуы кореялық электроника алыбын нарықтан ығыстыра түсті. Ал, биыл нарықтағы салмағы 1 пайыз ғана болған.
Қытай нарығын зерттеген «Самсунг» компаниясының мамандары Қытай нарығының, қытайлық тұтынушылардың сұранысы отандық арзан бағадағы брендтер мен Apple немесе Huawei маркалы жоғары сапалы өнімдерге қарай ойысқанын, сондықтан елдегі өз өнімдерінің сұранысы төмендегенін айтады.
Қазір, Қытайдағы жұмыс күшінің қымбаттауы, экономикалық өсудің баяулауы және АҚШ-Қытай сауда соғысының әсерінен көптеген ірі технологиялық компаниялар мен ұялы телефон өндірушілері өндірісті Қытайдан тыс жерге көшіруде.
Танымал Sony компаниясы да Қытайдағы смартфон зауытын осы жылдың наурыз айында жауып, смартфон өндірісін Тайландқа ауыстырды. Apple компаниясы әлі де Қытайда ұялы телефондарды өндіруде. Алайда, маусым айында аталған компания Қытайдан тек 30 пайыз ғана өнімді шығаратынын мәлімдеген еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді