Kickstarter аталатын краудфандингтік платформада смартфондарға арналған Selfly дрон-қаптар (дрон-чехол) шығарылды. Бұл туралы Naked-science хабарлайды.
Пилотсыз ұшатын аппараттар сферасында, соңғы уақытта, белгілі бір биіктіктен селфи жасайтын дрондар кеңінен танылған. Сол дрондардың жаңа түрі – Selfly. Ол тек ықшамдылығымен ғана емес, арнайы смартфондардың қабы ретінде қолданыста болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да, бұл құрылғы үнемі қолыңда жүретіндіктен өте ыңғайлы.
Selfly гаджеті – қолданушының смартфонының қабы, сондай-ақ оған орнатылатын камерамен жабдықталған, өте жіңішке дрон. Қолдан үшін, артқы корпусынан суырып алып, басты корпусын смартфонда қалдыру қажет. Одан кейін қозғалтқыштарын түзетіп, оны жоғарыға қарай лақтыру қажет. Selfly өзі дербес ауада тұрады да, смартфонның камерасынан видео трансляциялай алады. Ал смартфон дронды басқарушы құрылғы ретінде қолданылады.
"The Qazaq Times"


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Дүйсенбі күнгі Ресейдегі екі бірдей жарлыс. Электронды соғыста кім ұтады