Латын графикасындағы алғашқы басылым жарыққа шықты.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, «Тіл-қазына» республикалық газетіне қазақ тілінің латын графикасына өту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, тіл, білім, ғылым саласына қатысты танымдық материалдар жазылып, халыққа кеңінен насихатталады. Газетті айына екі рет Мәдениет және спорт министрлігі мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы шығарады.
Былтыр президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді және латынға көшудің нақты кестесін дайындауды тапсырған. Кейіннен көпшілік назарына латын әліпбиінің екі бірдей нұсқасы ұсынылып, екеуі де қатаң сынға ұшыраған.
Ақпан айының 19-ы күні Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын мақұлдаған.