ҚР-ның Кабулдағы елшісі Өміртай Бітімов Ауғанстанның ұлттық бірлік үкіметінің Атқару кеңесінің төрағасымен кездесуінде Астананың Кабулды Шанхай ынтымақтастық ұйымына тұрақты мүше болуын қуаттайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ParsToday хабарлады.
Иран Телерадиосының әлемдік қызмет торабының дари тіліндегі радио тілшісінің хабарлауы бойынша, кездесу барысында Ауғанстан ұлттық бірлік үкіметінің Атқарушы кеңесінің төрағасы Абдулла Абдулла Ауғанстан мен Қазақстан қарым-қатынастарының түрлі салаларда, әсіресе сауда саласында нығаюына үміт білдірді.
Қазір Ауғанстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мүше болып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның мүшелігімен 2001 жылдың маусым айының он бесінде құрылған. Бастапқыда ШЫҰ өз қызметін сауда-экономикалық бағытта бастаған еді. Бірақ, кейін Ауғанстандағы кейбір өзгерістер мен Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымының (НАТО) шығысқа қарай жақындап, Ауғанстан шекараларына жетуіне байланысты ШЫҰ өз қызметінің бағытын қорғаныстық қауіпсіздік ынтымақтастығына өзгерткен болатын. Бүгінде ШЫҰ-ын Еуропа-Азиялық саяси, экономикалық және әскери ұйым деп атауға болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелерінің жері 30 миллион 189 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Бұл Азияның бестен үш бөлігін құрайды. Ал халқының саны жағынан 1 миллиард 500 миллион адаммен жер шары халқының төрттен бір бөлігін қамтиды. Ауқымды жер аумағы мен халқының санына қарамастан ұйымға, әсіресе Қытай мен Ресей секілді қуатты мүшелеріне қарсы қауіп-қатерлер бұл ұйым басшыларының алаңдаушылығын тудырып отыр. Ауғанстандағы әсірешілдік пен қарулы топтардың артуына байланысты қауіп-қатерлердің бұл елден Ресей мен Қытай жеріне кіруі әбден мүмкін. Мұндай жағдайда, Ауғанстанның ШЫҰ-на қосылуы ұйым мүшелеріне, соның ішінде Ресей мен Қытай үшін өте маңызды болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшылары Ташкентте өткен соңғы отырысында келешектегі үш жылдағы шекара мәселелері, лаңкестік, сепаратизм мен әсірешілдікпен күрестегі ынтымақтастық жоспары жайлы келісімді қарастырған болатын. Сонымен қатар, Ауғанстандағы қауіпсіздік пен халықаралық лаңкестік мәселелері де ШЫҰ басшыларының отырысында талқыланды. Сол себепті, Ауғанстанның ШЫҰ-на тұрақты мүшелігі ұйымға қарсы кейбір қауіп-қатерлердің алдын алуы мүмкін. Ауғанстанның қоғамдық пікіріндегі 1980 жылдардағы осы елдің бір миллион халқының қаза болуымен аяқталған Ресейдің теріс ықпалына байланысты Қазақстан, тіпті Қытай бұл міндетті өз мойнына алған тәрізді. Негізінде, Ауғанстан үкіметі мен халқы арасында теріс бейнеге ие емес елдер онымен бірлесуге талпыныс жасаRККәаауда. Осы саясатты қолдау мәселесінде Ресей маңызды рөлге ие сынды көрінеді.
“The Qazaq Times”