2016 жылғы терактілерден Ауғанстанда зардап шеккендер саны – 11 500  адам. Бұл соңғы сегіз жылдағы ең ауыр көрсеткіш болып тұр. 2009 жылдан бері Ауғанстада болып жатқан атыс-шабыстардың салдарынан 25 мың адам көз жұмып, 45 мыңы жарақаттанған. Бұл туралы БҰҰ ресми сайтына сілтеме жасап rfi.fr сайты хабарлайды.

Дүйсенбі, 6 ақпан күні БҰҰ-ның Ауғанстандағы Миссиясы жыл сайынғы есебін жариялады. Олар 2009 жылдан бергі көрсеткіштерді сарапқа салды. Деректерге сүйенсек, былтырғы жылы зардап шеккендердің саны – 11 418 бейбіт тұрғын және үштен бірі балалар (3500 бүлдіршін). Оның ішіне 4500  адам қаза тапса, 7920-сы ауыр жарақат алған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға өскен.

БҰҰ-ның 2009 жылғы есеп беру құжатында,  жарақат алған не мезгілсіз қайтыс болған бейбіт тұрғынның жалпы саны 6000-нан аспаған.

«The Qazaq Times»