АҚШ президентінің әлеуметтік желідегі белсенділігі көпке мәлім. Ол өз тарапынан қабылданған маңызды саяси шешімдері де ең алдымен өзінің Twitter парақшасына жариялайтыны да белгілі. Тіпті, Қытай, Ресей, Иран, Түркия қатарлы елдерге салынған санкциялар туралы да ең алдымен Трамптың Twitter парақшасына жарияланған болатын.
Президенті Трамп осы айда өтетін әлеуметтік медиа саммитінде Google компаниясының директоры Сундар Пичай және өзге де жаңа технологиялық компания басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Ларри Кудлоу сейсенбі күні мәлімдеме жасап, АҚШ үкіметі Facebook пен Twitter компанияларының өкілдерін де кезекті жиналысқа қатысады деп үміттенетінін жеткізді. Кездесу қазан айының орта шенінде өтуі мүмкін, алайда, нақты уақыты белгіленбеген.
Уашингтон билігінде Трампты қамтыған бірқатар консерваторлар Facebook, Google, Twitter қатарлы әлеуметтік желілерді өздерінің платформаларында оңшылдардың жұмыстарына кедергі келтіретін бір түрлі «құпия тыйым» деп айыптап келеді.
Ақ үй басшысының ықпалды әлеуметтік желілердің жетекшілерімен кездесу өткізуі оның Құрама Штаттағы және әлемдегі имиджіне әсер етуі мүмкін.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды