АҚШ президенті Дональд Трампқа арналған «Қорқыныш» атты жаңа кітап жарық көрді.
Қыркүйек айының 11-і күні журналист, Боб Вудвордтың Ақ үй басшысы Дональд Трампқа арналған «Қорқыныш» кітабының тұсау кесері өтеді деп күтілуде. Кітаптың «Қорқыныш» деп аталуына Трамптың Вудвордпен болған сұхбатында айтқан «Шынайы билік бұл - қорқыныш» деген сөзі себеп болған. Вудворд кітабында Ақ үй әкімшілігін «жындыханаға» теңеп, Тармптың өзін «әлемдік саясаттан хабары жоқ бесінші сыныптың оқушысы» деп атаған. Тұсау кесерге бір апта қалғанда АҚШ-тың беделді басылымдарына таратылған кітапты журналистер алты бөлікке бөліп, кітаптан қысқаша үзінділер келтіруде.
Олардың барлығын өлтірейік
Вудвордтың сөзінше, Сүрия билігі 2017 жылдың сәуір айында бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданғаннан кейін Дональд Трамп Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиске Башар Асад бастаған Сүрия билік өкілдерін өлтіруге ұсыныс жасаған. Бірақ Мэттис Трамптың бұл ұсынысынан бас тартқан.
Солтүстік Кореяға соққы жасайық
Кітап авторының айтуынша, Трамп Ақ үй әкімшілігін Солтүстік Кореяға соққы жасайық деп қорқытқан. Ол 2018 жылдың қаңтар айында қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны қысқартуға байланысты өткен жабық отырыста Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиске: «АҚШ әскері Оңтүстік Кореяда не істеп жүр? Зымыранға қарсы әуе қорғанысы жүйеміз ол жақта не істеп тұр?» деген сұрақтар қоған. Өз кезегінде Мэттис Трампқа: «Оңтүстік Кореядағы әуе қорғаныс жүйесі үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алу үшін тұр» деп жауап берген.
Ауғанстанда бұданда жақсы жұмыс істеуге болар еді
Ауғанстан мәселесіне келгенде Вудворд Трамптың Ауғанстандағы АҚШ армиясы өкілдеріне айтқан сөзін мысалға келтіреді. Вудвордтың сөзінше, Трамп бір кездесуде: «Ауғанстанда бұданда жақсы жұмыс істеуге болар еді. Енді қанша өлім болады? Қанша адам аяқ, қолынан айырылады? Бұл қашан аяқталады?» - деп Ауғанстандағы АҚШ әскерінің басшыларын сұрақтың астынан алған.
Ыза мен ессіздік
Вудвордтың жазуынша, Трамп президент сайлауына Ресейдің араласуына қатысты жүріп жатқан тергеу жұмыстарына қатты алаңдаушылық танытуда. Ол тіпті өзінің жеке заңгері Джон Доунмен аталмыш іске қатысты сұрақ-жауап тестінде өткізген. Бірақ тесттен өтпей қалған. Тесттен кейін Доун Трампқа «егер прокурор Мюллермен кездесіп, тергеуге алынатын болсаң түрмеден бірақ шығасың» деп ескерту жасаған.
Ақ үй емес «жындыхана»
Жоғарыда аталған оқиғалардан бөлек «Қорқыныш» кітабында Трамптың Ақ үй қызметкерлеріне қалай қарайтындығы жөнінде де айтылған. Кітап авторының айтуынша, Трамп сауда министрі Уилбур Россқа: «Мен сізге сенбеймін. Бұдан былай сіздің қандай да бір келіссөздер жүргізгеніңізді қаламаймын. Сіздің басты рөлде ойнаған уақытыңыз аяқталды» - деген. Ал Ақ үй әкімшілігінің басшысы Райнс Прибусты көрінген жерде жүретін «егеуқұйрық» деп атаған.
Twitter-дің АҚШ саясатына әсері
Вудворд өз кітабында Трамптың «Twitter» парақшасына ерекше тоқталған. Оның айтуынша, Трамп өзінің «Twitter» парақшасына күнделікті арнайы сараптама жүргізеді. Оның көмекшілері АҚШ халқы Трамптың қандай жазбасын көп талқылағанын, халық арасында қандай мәселе өзекті екендігін зерттейді.