АҚШ-тың БҰҰ-дағы ресми өкілі Никки Хейли: «Ресей мен Қытай Солтүстік Корея мәселесін шешуде кедергі келтіруде» – деп мәлімдеді.
Қыркүйек айының 4-і күні өткен баспасөз мәслихатында Никки Хейли Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту жұмыстарына қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол: «Ресей мен Қытай Солтүстік Кореяға санкция салу мәселесі бойынша жұмыс істейтін 1718 комитетіннің жұмысына және КХДР-ның денуклеаризация (ядролық қарудан бас тарту) жұмыстарына кедергі келтіруде. Бірақ біз осының барлығына қарамастан Оңтүстік Корея билігімен бірлесе отырып Солтүстік Кореямен байланысымызды үзген жоқпыз» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей билігі БҰҰ-ның КХДР-ға салған санкциясына қарамастан бірнеше мың Солтүстік Корея азаматына ел аумағына келіп жұмыс істеуге рұқсат берген. Ал одан сәл ертеректе ресми Мәскеу Солтүстік Кореяға қатысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде қаралуы тиіс қарарға нота қойған.