Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы Анарбек Қарашевтің үйін тінту кезінде 1,5 млн АҚШ доллары тәркіленген.
Деректерге сүйенсек, Анарбек Қарашев өзіне қарасты Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанова атты қызметкерлерден пара алған және заңға қарсы әрекеттерді жасырып келен. Аталған үштік халықаралық деңгейдегі шараларды өткізген кәсіпкерлерден 28 млн теңгеден астам пара алғаны үшін жауапқа тартылып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің шетелдік сапарларына әуе билеттерін сатып алумен айналысқан компания бюджетке 10 млн теңге көлемінде шығын келтіргені белгілі болды. Пара алудан бөлек, Қарашев жиенінің фирмасына да асыра қолдау көрсеткен.
Жарты жылда Сыртқы істер министрлігі аясында 75 мың мемлекеттік қызмет түрі ұсынылған. Бірақ аталған қызметтердің 100%-ы қағаз күйінде қалды десек те болады. Қазақстанның барлық мемлекеттік органдарында сандық технологиямен жұмысты қарқынды дамыту қолға алынғанмен, нақты нәтиженің болмай тұрған жайы бар. Жүйедегі салғырттық пен қағазбастылықтың салдарынан да халықпен тікелей байланыс орнату арқылы, сыбайлас жемқорлық көрсеткіші артады.
Еске сала кетейік, биыл 30-дан астам шенеунік пара алғаны үшін ұсталған болатын. Олардың басым бөлігіне қызметін асыра пайдаланды және ірі көлемді қаржы жымқырды деген айып тағылған. Қазақстан үшін басты қауіп жемқорлықтың қашан түбегейлі ауыздықталары беймәлім.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті