"Қазақстандықтар  сауатсыз жарнамаларға, жергілікті контенттің және телеарналарда танымдық бағдарламалардың жоқтығына наразы". ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев кеңейтілген отырыста әлеуметтік сауалнаманың осындай қорытындысымен  бөлісті. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Сондай-ақ,  министрліктің сауалнамасының нәтижесінде, Қазақстан азаматтары еліміздегі журналистердің кәсіби деңгейіне көңілдері толмайтыны белгілі болды. «Біздің телеарналар қажетті амал-шараларын жасап, көрерменнің көңілінен шығатындай бағдарламалар ұсынуы керек», – дейді Абаев. Ол теле-радио салаларын дамыту үшін бірнеше аспектілер атап өтті.  Соның ішінде отандық телесериалдардың шетелдік сериалдармен бәсекеге лайықты болу үшін күш жұмсауларын талап етті.

Теле-радио саласындағы мамандардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында арнайы КРІ жүйесін енгізетіндігі белгілі болды. Ол дегеніңіз, мамандардың конкурстық іріктеуден  өткізіледі және кадрлік резерв дайындалады деген сөз. Соған байланысты, Дәурен Абаев биылғы жылдың наурыз айынын астап «Ел Арна» арнасы қайта іске қосылатындығын хабарлады. Тек бұрынғыдай ойын-сауықтық бағдарламаларды емес, көркем, деректі фильмдер мен сериалдарды көрсететін болады.

«Бұл жоба отандық кинематография саласын дамыту, жас режиссерлерге қолдау көрсету, халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін бағытталған», – дейді министр.

«The Qazaq Times»