Елімізде жемқорлық дерті дендеп барады. Мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің хабарлауынша, биыл 30-дан астам шенеунік пара алғаны үшін ұсталған. Осы орайда еліміздің жемқорлық жиілеген аймақтарына тоқталып өтуді жөн санадық.
Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары жеке бірлестік басшысынан 100 мың теңге көлемінде пара алды деп қамауға алынған. Ақмола облысының әкімі өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қол қою туралы заңсыз қаулыны ұсынды деген айыппен тергеу жұмыстары басталған.
Атырау облысының аудан әкімі және құрылыс бөлімінің басшысына қорқытып пара алды деген күдікпен ұсталды. Әкім орынбасары кінәсін мойындап 7 жылға бас бостандығынан айырылса, құрылыс басшысына 35 млн теңге айыппұл салынды.
Павлодар облысы Қалқаман ауылының әкімі, Алматы облысы Байсерке ауылының әкіміне осы негізде күдікке ілінді. Жетісай ауданының әкімі 12 млн теңге, Қосшы ауданының әкімі 8,8 млн теңге айыппұл төледі.
Жоғарыда аталған істерден бізге беймәлім жайттар да баршылық. Жемқорлықтың жылдан-жылға артуы – жүйенің шалалығын білдірсе керек. Бір жылдың ішінде отыз шенеунік пара алса, дамыған отыз елдің қатарына қосылу мүмкіндігіміз қаншалықты?!