Қостанай оқушыларына биылдан бастап робот сабақ беретін болды.
Қостанай қалалық «Озат» ақпараттық технологиялар лицейінің директоры Ерлан Бекішев биылғы оқу жылында мектеп оқушыларын қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтып берді.
Оның сөзінше, енді лицейдің бірінші қабаты түгелдей IT-технологияларға арналатын болады. Бірінші қабаттағы жөндеу жұмыстары 90% -ға орындалған. Қазіргі уақытта мектеп ұжымы жаңа жабдықтардың келуін күтуде. Мұнда мобильдік сыныптар жасалып оқушылар күн батареяларымен, 3D-модельдеу жұмыстарымен айналысатын болады.
«Бұл жылы оқушыларға робот сабақ беретін болады. Ол толық автономды түрде жұмыс істейді. Бұл робот оқушылармен логикалық диалог орнатады және олардың кез-келген сұрағына жауап бере алады. Жақын уақытта роботты Қостанайға жеткізуі керек », – дейді лицей директоры Ерлан Бекішев.
Бұдан басқа, лицейде анимация және кинематография студиясы ашылады. Сондай-ақ, «Озат»-та киберспорт бойынша чемпиондарды дайындайтын болады және тақырыптық кабинет ашылады. Сонымен қатар, залда оқушылар мен олардың ата-аналары сабақ кестесін қарайтын және өз жобаларының тұсаукесерлерін өткізетін LED экран орнатылады.