Сейсенбі күні Оңтүстік Африкада ресейлік журналистер Орхан Джемаль, режиссер Александр Расторнуев және оператор Кирилл Радченколардың көп жерінен оқ тиген өлі денелері табылған болатын. Бұл туралы хабар таратқан ТАСС ақпараттық агенттігі, жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, қандықолдар мұсылмандардың «Селека» белсенділер ұйымының содырлары деп көрсетті.
Хабарға қарағанда, ресейлік жорналшылар Оңтүстік Африкаға деректі фильм түсіруге барған. Олар жергілікті қауіпсіздік қызметкерлерін ертпестен, Оңтүстік Африканың ең қауіпті аймақтарында жүрген.
ТАСС ақпараттық агенттігінің көрсеткенінен басқа да түрлі болжамдар айтылуда. Журналистерге шабуыл жасалған жерге жақын маңдағы Сибю қаласының мэрі Анри Депеле жасаған мәлімдемеде, журналистер отырған көлік Сибута қаласына 23 шақырым қашықтыққа барғанда құралды содырлардың шабуылына ұшыраған. Журналистер сол арада көз жұмғанымен, көлік жүргізуші аман қалған. Оның аталған шаһарға қалай жеткені тексерілу үстінде.
Кейбір мәліметтерде ресейлік журналистерді жүздерін жасырған, арабша сөйлейтін бір топ құралды адамдар 30 маусым күні барымталап әкеткен делінеді. Дегенмен олардың салауаты туралы анық мәлімет жоқ.
Қол салудың мақсаты да анық емес. Құралды топ журналистердің өзімен бірге алып жүрген 8 мың АҚШ доллары мен қымбат бағалы аппаратураларын қолға түсіруді көздеген деген болжамды жергілкіті полиция тарабы айтты. Полиция мәлімдемесіне сілтеме жасаған BBC-дің хабарында, қастандық ісі болған орыннан ақша мен аппаратуралардың табылмағанын алға тартады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді