«Омикрон» деп аталатын коронавирустың жаңа штамының табылуына байланысты көптеген елдер Оңтүстік Африка азаматтарының кіруіне шектеу қойды. Бұл шешімді Оңтүстік Афика билігі айып, тез арада шешімді алып тастауға шақыруда.
Коронавирустың жаңа штамы «Омикрон» әлемнің бірқатар елдері тарабынан «қауіпті» деген статусқа кірігізілген. Бастапқы мәліметтерге қарағанда аталған штамдағы вирустың жұғымдалу мүмкіншілігі өте жоғары.
Оңтүстік африкалық азаматтардың кіруіне шектеу қойған елдер арасында Ұлыбритания, АҚШ және Еуропа одағына мүше елдер бар. Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса аталған шешімді «негізссіз» деп айыптады.
«Омикрон» осы айдың басында ғана Оңтүстік Африкадан байқалған. Аса тез тарап жатқан жаңа штамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен сәрсенбі күні ғана қауіпті деп жариялады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны