Маған Трамптың үш жетістігі айқын байқалады: ол өз елінде салықты төмендетіп, әлеуметтік шығындардың азайтып АҚШ-тың экономикасын соңғы уақытта дүркіретіп өсірді. Екінші жетістігі-Европалық Одақ пен  АҚШ-тың қарама - қарсы тарифтер теке тіресін тоқтатты.Енді Европалық Одақтың НАТОдағы әскери шығындарын АҚШ денгейіне көтеруді талап етеді.Үшінші жетістігі- Қытаймен сауда дифицитін жоймақ. Сонымен,Трамптың үш жетістігі: еркін сауда принципін орнатуға  негізделген. Трамптың бастапқы ойы : Иран мен Ресейді ыдырату және  Қытайды сабасына салу. Турасын айтсақ , Трамп айтқанын істейді: АҚШ  алдымен Иран мен Ресейді экономикалық жүдетеді. Ия , АҚШ-тың мақсаты Ресей, Иран және  Қытайға қоса экономикалық соққы жасау. Нақтылап айтсақ: АҚШ-тың мақсаты алдымен Ресей мен Иранда экономикалық стагнация мен әлеуметттік толқуларды туғызу. Сонау 1979 жылы Иран халқы революция жасап, шах режимін құлатып, теократиялық режим орнатқан. Революция Иранның Иракпен соғысына ұласты. Сегіз жылға созылған көп шығынды қан майдан нәтижесіз аяқталды.  Одан кейін де Иран санкциялардан қатты соққы жеді, бірақ құрыған жоқ. АҚШ пен ЕО санкцияларын қолдамаған мемлекеттер болды. Олар: Қытай, Индия, Россия, Қазақстан, Оңтүстік  Корея және  Туркия,  сол сияқты - Араб Эмираттары еді. Осы уақыт  аралықта Иран $75 млрдқа мұнай мен газ сатыпты.

Мұнай бағасы өссе де Ресейдің экономикалық стагнацияға кіргеніне он жыл болды, соңғы төрт жылда оларда тұрмыс төмендеп келеді. Ресей қатарынан екі соғыс жүргізуде - Украина мен Сирияда. Соңғы төрт жылдағы соғыс мерзімі Ұлы Отан соғысынан да асып кетті, ал бұл соғыс бітетін түрі жоқ, халық соғыстан шаршай бастады. Ал Украинаға  Европалық Одақ пен АҚШ-тың қару жарақ пен қаржы көмегін алып жатыр.Эксперттер Украина экономикасы көтеріліп келеді дейді.Экономикасын оңдап алған Украина соғыстан жеңілетін түрі жоқ. Ал Ресей мен Иранның әскерлері де Сирияда шығынға ұшырап жатыр.

Ал бізге, Қазақ еліне не пайда, не қауып? Қазақстан ОДКБ мүшесі болса да Украина мен Сириядағы соғысқа қатысудан бас тартты. Есесіне біз АҚШ пен келісіп Каспийдегі порттарымызды бекітіп жатырмыз. Бұл дұрыс. Түбінде біз агрессивті империяшыл Ресей мен Иранның бәсеңдеп ыдырағанын куәгеріміз,  әзірше бекініп жатырмыз. Жау жоқ деме жар астында!

“The Qazaq Times”