Қытайдағы діни сенім бостандығының ауыр жағдайда қалғанына байланысты, АҚШ-тың діни бостандық жөніндегі өкілі Сэм Браунбак Трамп үкіметін Қытай билігіне қысым түсіруге шақырған. Ол және Қытай Коммунистік партиясы Саяси бюросының мүшесі Шынжаң партия комитетінің хатшысы Чын Чуангоны санкция тізіміне енгізуді бірінші кезекте талап еткен. Бұл туралы VOA News хабарлады.
«Washington Post» басылымы салауатын көрсеткісі келмеген лауазымды тұлғаның мәліметіне сілтеме жасай отырып, маусым айының соңында Браунбактың Конгресстегі «Республикашылдар» партиясының өкілідерімен жабық кездесу өткізгенін жазады. Кездесуде Браунбак АҚШ-Қытай арасында өтіп жатқан сауда келісімдері, Қытайдағы адамдық құқық пен дін бостандығы мәселесін шешудегі үлкен орай екенін ортаға салған.
Браунбактың ұсынысына сәйкес, Трамп үкіметі Обама тұсында қабылданған «Адам құқықтары жөніндегі Жаһандық Магницкий заңын» пайдалануға тырысуы мүмкін. Айталық, Конгресс пен Қаржы министрлігі діни сенім құқығын шектегені үшін Қытай Коммунистік партиясының лауазымды тұлғаларының активтерін бұғаттауы тиіс. Түрмеде қаза тапқан ресейлік бугалтердің есімі берілген бұл заң, бастабында тек Ресейге ғана бағытталғанымен, кейін адам құқықтарына қатысты жаһандық заңға айналды.
Егер президент Трамп бекітсе, онда АҚШ үкіметі діни бостандықты шектегені үшін қытайлық шенеуніктерге санкция салатын болады. Дегенмен, бұл мәселеге Ақ үй тарабының қандай шешім жасайтыны туралы «Уашингтон Пост» басылымының сұрауына әлі жауап қайтарылмаған.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің дін істері жөніндегі елшісі Браунбак Канзас штатының губернаторы болған. Биыл қаңтар айында президент Трамптың тағайындауымен Мемлекеттік департаментте қызмет атқаруда. Шын мәнісінде ол осы лауазымды қызметті атқарған алғашқы католик деуге болады. Оның әлемдегі діни сенім бостандығын қорғаудағы жасаған жұмыстары Қытайдағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен де оң бағасын алғаны айтылады. Сонымен бірге, аталған мәселе жөніндегі Браунбактың ұсыныстары президент Трамп пен мемлекеттік хатшы Помпеоның назарына ілінген.
Чын Чуанго 2016 жылдан бастап Шынжаңның партия комитетінің хатшысы болып тағайындалды. Ол билікке келісмен өңірді басқару жүйесіне өзгеріс енгізіп, Шынжаңның бұрынғы басшысы Жаң Чуншиянның «Шынжаңды икемділікпен басқару» ұстанымын күшінен қалдырып, Шынжаңды қатаң тәртіппен ұстауға тырысқан. Шынжаңның орнықтылығын сақтау мақсатында «Саяси үйрену лагерлерін» қамтыған бірқатар шараларды жолға қойған. RFA-ның жариялаған мәліметіне сенсек, Шынжаңның кей аудандарында тұрғындардың оннан бір бөлегі аталған лагерлерге қамалған. Өңірдегі діни сенім құқығы мәселесі туралы VOA: «Қазір, Шынжаңдағы діни сенім құқығының тапталуы ең жоғары шекке жеткен», – деп бағалайды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің халқаралық діни сенім бостандығын бағалау туралы мәліметтерінде, Қытай соңғы 19 жылдан бері ең нашар баға алып келеді. Департаменттің биылғы мәлімдемесінде Қытайдағы жағдайдың жалғасыты нашарлай түскенін, қандайда бір діни рәсімдер қоғам орнықтылығы мен ҚКП-ға қауіп төндіреді деген желеумен шектеулерге ұшырап отырғаны анық айтылған. Баяндамада Шынжаң жерінде жүз мыңдаған мұсылмандардың діни сенімі үшін «Үйрену лагерлеріне» қамалып жатқаны алға тартылған. Бұл мәліметтер, алдағы уақытта, Трамп үкіметінің Қытай лауазымдыларына санкция жариялауына қозғаушы болатыны анық.