Былтыр Бейжің билігінің Шынжаңға қатысты саясатын әшкерелеген бірқатар маңызды саяси құжаттардың «сыртқа шығып кеткені» белгілі. Ресми Бейжің бұл құжаттарға қатысты айыптауларды жоққа шығарды және Шынжаңдағы әрекеттерін терроризмге қарсы күрес деп түсіндіруге тырысты. Бірақ, дәл осы тақырыптар туралы арнаулы зерттеген мамандар аталмыш құжаттардың қолдан жасалмағанын, шын мәнісінде Бейжің билігінің Шынжаңдағы этникалық азшылықтарға, мұсылмандарға қарата жүргізіп отырған саясаты екенін айтады.
Қытай үкіметінің Шынжаң саясаты бойынша танымал сарапшы Эдриан Зенз аталған құжаттар Бейжің билігінің діни азшылықтың құқығын таптап жатқанын анық дәлелдейді деген пікірде. Сол елдегі және шақыртумен барған BBC журналистері де өз бастарына төнген қатерге қарамастан бірқатар мәліметтерді сыртқы әлемге алып шықты. Бейжіңнің құжаттары мен BBC жария еткен мәліметтердегі сәйкестік те Қытай орталық үкіметінің ШҰАР жеріндегі ұлттық саясаттының ұшқарылығын одан сайын делелдей түседі.
Аталған құжаттарда адамдарды лагерлерге қалай қамау, оларды қалай «тәрбиелеу», тәрбиешілер шешімді қалай қабылдауы керек дегенге дейінгі барлық мәселелер көрсетілген. Тіпті, олардың лагерге қамалғандардың туыс-туғандарын бақылап, лагерден шығу-шықпауы туралы соңғы шешімді қандай жағдайда жасауы керек дегенге дейін көрсетілген. Құжаттардың жария болған үзінділерінен хиджап кигені үшіп, намаз оқығаны мен ораза ұстағаны үшін, тіпті телефондарынан ислам дініне қатысты виедо немесе аудио материалдардың табылғаны үшін қамалған адамдар туралы жазылған.
Шынжаңдағы лагерлерге діни азшылық өкілдері 2017 жылдан бастап қамала бастаған. Ол үшін арнайы топтар құрылып алдымен үй-үйді аралап мәлімет жинаған. Олардың жинаған мәліметтері де күлкілі, қай күде қанша «Құран» кітабы бар, қанша жайнамаз, қанша арабша дұғалық тұмарлар бар дегенге дейін тізіп шыққан.
Соңғы уақытта Батыс елдері Қытайдың бұл құжаттарына байланысты айыптауды қайта күшейтті. Шынжаң саясатына қатысты Бейжің билігін айыптаушы ақпарат құралдарының қатары көбейе түсті. Бұл дағы Қытай үкіметіне деген қысымды арттырып келеді.