25 маусым күні Бейжіңде, Жетінші реткі ЕО-Қытай сауда –экономикалық кеңейтілген келіссөзі аясында ЕО төрағасының орынбасары Катнинен Қытай премьер-министрі Ли Кычяң кездесу өткізді. Кездесуде белгілі болғандай, ЕО лауазымдылары, Трамп үкіметінің Қытайға бағыттаған сауда-саттық қысымын кешіруге болады деп қарайды. Себебі, АҚШ-тың мемлекеттік субсидиялары мен технологияларын өткеріп алу Қытай сауда саясатының негізгі бағыты болып қалды. Алайда, екі ел арасындағы бұл қайшылықтарды Дүниежүзілік Сауда Ұйымы аясында шешуін үміт етеді.
АҚШ үкіметі Қытайды көп жылдан бері әділетсіз сауда саясатын жүргізіп келді деп айыптайды. Айталық, бірлескен америкалық кәсіпорындардың технологияларын қытайлық компанияларға өткізіп беруді міндеттейді. Сонымен бірге, АҚШ-тың технология жаңалықтарын, зияткерлік меншік құқығын ұрлайды деген айыптар таққан.
Кездесуден кейін Катнинен БАҚ өкілдеріне берген мәліметінде: «Біз ДСҰ-ны жетілдеру жолдарын кеңесу барысында, мемлекеттік өнеркәсіп субсидияларын ашық талқыға салдық. Бұл бүгінгі күннің басты проблемасы. Әрі біқл инвестицияның қарқынына тұсау салады. Бұдан тыс, технологияны өткізіп беру сынды әділетсіз сауда саясаты да сөз болды», – деді.
Катниненнің айтуынша, осы аталған екі мәселемен бірге тағы бірқатар негізгі мәселелер Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысын тудырып отыр. Сондықтан, бұндай мәселелерді ДСҰ секілді көпжақты келісімдер негізінде шешу керек.
Ал, АҚШ үкіметі бұл жөнінде, Бейжің билігі ұзақ уақыттан бері Құрама Штатпен әділетсіз сауда саясатын жүргізіп келді, АҚШ бұл мәселелерді ДСҰ аясында шешуге құлшыныс жасаған, алайда, ДСҰ бұл мәселеге тым атүсті қарады, әрі кей жағдайда Бейжіңнің әрекеттеріне көз жұма қарады. Сондықтан да, бұл және көпжақты келісімдер арасындағы өзгерістермен шешілмейді, керісінше ұзақ мерзімді шиеленістерге алып келеді деп санайды.
Трамп 2017 жылдың қаңтарында билікті қолына алғаннан кейін, ДСҰ мен Қытай арасындағы осы мәселелерді қолға алатынын ескерткен. Сол бойынша жыл басынан бері жүздеген миллиард құнға ие қытайлық тауарларға кеден салығын салу туралы шешім қабылаған.
Трамп дүйсенбі күні кеш Оңтүстік Каролинада сөйлеген сөзінде: «Мен Қытаймен достық қарым-қатынаста болуға тырысамын, бірақ біз белгілі бір балансқа ұмтылуымыз керек. Мәселе неғұрлым мұқият шешілу тиіс, бірақ ең маңыздысы әділдік болуы керек», – деді.
Шын мәнісінде, ЕО-да АҚШ-қа ұқсас, Қытайдың ұзақ уақыттан бері жүргізген әділетсіз сауда саясатына риза емес. Бірақ, ЕО тарабы сауда соғысынан көрі ДСҰ-ға реформа жасап, сол арқылы Қытаймен сауда мәселесін бірге шешуге дайын екенін байқатқандай болды.
Қытайдың әділетсіз сауда саясатына байланысты АҚШ пен ЕО екі түрлі жолды таңдады. Дегенмен, ЕО-сыз да, АҚШ-тың 200 млрд АҚШ доллары көлеміндегі Қытай тауарына салатын салығы, Қытай экономикасы үшін үлкен кедергі. Трамп болса, Бейжің өз саясатынан бас тартқанда ғана, Қытай тауарларына бағытталған қысымды тоқтататынын ашық айтып отыр.