Петропавлда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Ақ халатты абзал жандарды төл мейрамдарымен СҚО әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.
Өңір басшысы дәрігерлердің қоғамда алар орны ерекше екенін атап өтті. Қазір емдеу мекемелерінде ісіне берік кәсіби мамандар жетерлік. Құмар Ақсақалов жас мамандарға үлгі боларлық дәрігерлердің есімдерін атады. Олар – облыстық балалар ауруханасының жан-сақтау бөлімшесін 30 жыл басқарып келе жатқан Нұрлан Жақыпов, жоғары санатты сынықшы Никос Леонов, жоғары санатты хирург-онколог Мәлік Сексембаев.
Қазір облыста медицина саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Биыл өңірде емдеу мекемелеріне 38 автокөлік пен 54 медициналық қондырғы сатып алу көзделген. 15 шақты денсаулық сақтау ғимаратын жөндеу көзделген.
Салтанатты жиында марапаттау рәсімі өтті. Ұзақ жылғы адал еңбегі, облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін медицина қызметкерлері облыстық әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» белгісі және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісі де өз иелерін тапты.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды