Словениядағы парламент сайлауында оппозиция өкілдері жеңіске жетті – деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Reuters мәліметінше, Словенияда маусым айының 3-і күні өткен кезектен тыс парламент сайлауында экс-премьер Янез Яншаның басқаруыншағы Словения демократиялық партиясы жеңіске жеткен. Ол сайлаушылардың 25 пайыз дауысын жинаған. Одан кейінгі орынға 12,6 пайыз дауыс жинаған Марьян Шарецтың жетекшілігіндегі солшыл «центристік қозғалыс» өкілдері жайғасқан. Ал үшінші орынды 9,8 пайыз дауыс жинаған тағы бір экс-премьер Миро Церардың «Қазіргі центристер партиясы» алған.
Сайлауда жеңіске жеткен Словения демократиялық партиясының көшбасшысы Янез Янша 2004-2008 және 2012-2013 жылдары аралығында Словения премьер-министрі болған. Оның партиясы Словенияға Таяу Шығыс пен Африкадан барған иммигранттарға қарсы ұстанымдарымен ел есінде қалған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды