Израиль ұшақтары тағы да Газадағы әскери нысандарды атқылады. Осымен бір апта ішінде аумақта жағдай екінші рет ушығып отыр. Бұл мамыр айындағы 11 күнге созылған қантөгістен кейін жасалған атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына қауіп төндірген.
Израиль әскерінің айтуынша, ХАМАС тобының жіберген "жанғыш заттар толы" шарлары Израильде алқаптардың өртенуіне себеп болған, оған жауап ретінде қарулы күштер Газадағы әскери нысандарға әуеден соққы берген.
Бұған дейін Израиль қарулы күштері "оқиға қалай өрбімесін, сақадай сай дайын отырғанын" мәлімдеген.
ХАМАС "соққысынан кейін" Израильдің оңтүстігіндегі кейбір жерлерде сирена ойнаған, бірақ әскерилер Газадан зымыран түспегенін айтты. Тек бір жерде атыс тіркелген. 2 млн адам тұратын халқы тығыз орналасқан Газа секторынан зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеді.
Осы аптада Израильде үкімет ауысып, ультраоңшыл саясаткер Нафтали Беннет бастаған жаңа үкімет мүшелері іске кіріскен. Бұл Беннет үкіметі тұсында жасалған алғашқы шабуыл.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді