Өткен сенбі күні Стамбулда болған Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде қортынды декларация жарияланып, Палестина халқын халықаралық деңгейде қорғау жөнінде үндеу тасталды. Сонымен бірге Палестина жерінде болған қырғыншылықтың басты айыпкері ретінде Израильді қатаң сынға алды. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Саммитте Израиль күштерінің палестиналықтарға жасаған шабуылдарын, соғыс қылмыстарын тексеріп анықтайын тәуелсіз халықаралық комитет құру туралы шешім қабылданды. Бұл комитет Израиль күштерін жазалау шараларын да шығаруға қабілетті болмақ. Басты міндеті Израильдің палестиналықтарға күш қолданғаны туралы дәлелдерді халықаралық қауымдастыққа жеткізіп отырмақ.
Сонымен қатар, ИЫҰ саммитінде палестиналықтарды қорғау мақсатында халықаралық біріккен қарулы күшті Палестинаға жіберу туралы ұсыныс жасалды. Мәселені БҰҰ-ның Жоғары кеңесіне, Қауіпсіздік кеңесіне, Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің күн тәртібіне енгізу керек екені айтылды.
Қауіпсіздік кеңеске Палестина мәселесін тез арада ретке салуды ұсынған саммитте, АҚШ президентінің Иерусалим туралы шешімі қабылданбайтынын қайталады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?