Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон: «Қиын-қыстау уақытта біз бәсекелеспей бірлесіп жұмыс істеуіміз керек» – деп мәлімдеді.
Мамыр айының 4-і күні Душанбе қаласында өткен «Терроризмге қарсы күрес» халықаралық конференциясында: «Бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау дамудың басты кілті екендігі сөзсіз. Қиын-қыстау уақытта біз бәсекелеспей бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Ауғанстан аумағының өзінде ғана былтырғы жылы террорлық шабуылдардың салдарынан 10 мыңға жуық бейбіт тұрғын зардап шегіп, 4 мың адам көз жұмды. Кез келген мемлекет терроризмге бір өзі қарсы тұра алмайды. Осыған байланысты біз терроризммен күресте аймақтық және әлемдік әріптестікті дамытуды қолдаймыз» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Тәжікстан Ұлттық Қауіпсіздік комитеті «Талибан» қозғалысының ауған-тәжік шекаралық аудандарына 7 мыңнан астам содырын орналастырғанын мәлімдеген. Тәжікстан шекара қызметінің мәліметінше, қазігі уақытта 7 мың содыр 29 әскери базада оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуде.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап