Өзбекстан мен Тәжікстан тұңғыш рет бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізбек.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда қос тараптың қорғаныс министрліктері бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарының өтетін орны мен жаттығуға қатысатын әскер санын анықтауға байланысты келіссөздер жүргізуде. Оқу-жаттығу жұмыстары барысында Өзбекстан мен Тәжікстан қарулы күштері терроризмге қарсы бірлесіп күресу тәсілдерін пысықтайды деп күтілуде.

Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы әскери оқу-жаттығу жұмыстары тұңғыш рет өткізілуде. Бұған дейін Өзбекстан қарулы күштері бір де бір рет аймақтық әскери оқу-жаттығу жұмыстарына қатыспаған. Ресми Ташкент пен Душанбе арасындағы қарым-қатынас билік басына Шавкат Мирзиеевтың келуімен жақсарған. Екі ел қарулы күштері 2017 жылдың ақпан айында Өзбекстан қорғаныс министрі Абдусалом Азизовтың Тәжікстанға жасаған ресми іс-сапары кезінде бірлесіп оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге байланысты келісімге келген.

“The Qazaq Times”