Моңғолияның экс-қаржы министрі Сангажавын Баярсогт тұтқындалды – деп хабарлайды ca-news ақпарат агенттігі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, экс-министр сәуір айының 1-і күні тұтқындалған. Оған «Оюу-Толгой кен орнының құжаттарын жасауда қызметін асыра пайдаланды» - деген айып тағылған. Моңғолия жемқорлыққа қарсы басқармасының хабарлауынша, Сангажавын Баярсогт 2009 жылы Оюу-Толгой кен торнының 66 пайыз акциясын Австралия мен Ұлыбританияның бірлескен Rio Tinto концерніне тиесілі Turquoise Hill компаниясына сатқан және аталмыш сауда келісімі ел экономикасына айтарлықтай шығын алып келген. Сангажавын Баярсогттан бөлек Оюу-Толгой ісі бойынша 2014-2015 жылдары қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарған Балданжавын Ариунсан мен «Эрдэнэс Монгол» компаниясының директоры Б.Бямбасайхан тұтқындалған.
Қазіргі таңда Моңғолия жемқорлыққа қарсы басқармасымен қатар Швейцария бас прокуратурасы Сангажавын Баярсогттың үстінен ел аумағындағы банктредің біріне салынған 10 миллион доллар қыржыға байланысты қылмыстық іс қозғаған. Баярсогттың өзі аталмыш қаржының Оюу-Толгой ісіне қатысы жоқ екендігін айтқан. Экс-министрдің сөзінше,10 миллион долларды оған жеке бизнесін жүргізу үшін инвесторлар берген.