Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың Швейцария банктеріндегі 131 миллион доллары өзбек тарабына қайтарылады. Бұлқадам Швейцария мен Өзбекстан келісіміне сәйкес жүзеге аспақ.
Швейцария үкіметінің талабына сәйкес, Ташкент қайтарылған қаржыны қайда жұмсағанын жариялап отыруы керек. Алдағы уақытта бұл сома халықтың жағдайын жақсартып, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жобаларға бөлінбек.
Бұған дейін Каримованың үстінен қылмыстық іс қозғалуы себепті Швейцария банктері есепшотындағы шамамен 879 миллион долларын бұғаттаған еді. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс аясында тағы 715 миллион доллар бұғаттаулы күйде қалған. Бұл қаржы да алдыңғы шартпен Өзбекстанға қайтарылуы мүмкін.
Биыл мамырда Каримованың Франция банктеріндегі 10 миллион доллар ақшасы келіссөздер нәтижесінде Өзбекстанға қайтарылған болатын.
Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша Өзбекстан үкіметі Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей Федерациясы және тағы басқа елдердің құзырлы органдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті