НАСА әлемнің түкпір-түкпіріндегі ұшақтардың бағытын бақылап отыратын арнайы жүйені жасап шығару жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы агенттік сайтында жарияланған.
Қазір әуе көліктерін арнайы жер радиолокациялық станциялары (РЛС) арқылы бақылайды. Төменгі жиілікте болғандықтан, бұл жүйе жоғары жылдамдықта диспетчерлермен ақпарат алмасуға мүмкіндік бермейді.
Базалық конфигурациядағы AppSTAR жаңа жүйесі ADS-B-таратқыш ұшағы арқылы сигнал таратады деп жобаланған. Бұл технологияның авиадиспетчер мен пилоттар үшін әуе жолдарының трафигін бақылайтын арнайы дисплейі бар. Тарақыштан келетін сигнал Iridum Next спутнигіне (10-ын іске қосқан) келіп түседі.
Болжам бойынша, ұшақтардың әуе бағытын бақылап отыру оған кететін отын шығынын азайтуға, аппараттар арасындағы ара-қашықтықты тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік туады. Оған қоса, мұндай мониторинг апат жағдайында құтқару операциясын өткізуді жеңілдетеді. AppSTAR радиобайланыс жүйесін америкалық Harris Corporation-мен НАСА жасап шығарады.
«The Qazaq Times»