Барселонада 10 мың адам ереуілге шықты – деп хабарлайды El Mundo газеті.
Басылым мәліметінше, Барселонадағы Испания үкіметі ғимаратының алдына 10 мыңнан астам адам жиналған. Олар испан сотының каталониялық 5 саясаткерді тұтқынға алу жөніндегі шешіміне қарсы наразылық акциясын өткізген. Ереуілге қатысушылар Испания королінің суретін өртеп, Каталония халқын жаппай қарсылық акциясын ұйымдастыруға шақырған. Полициямен қақтығыс кезінде 27 адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Естеріңізге салайық, 23 наурыз күні Испания жоғары соты «Каталонияны Испаниядан бөліп алу мақсатында мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» - деп айыпталған Каталонияның экс-басшысы Карлес Пучдемон мен аймақтық үкіметтің 13 саясаткерін кінәлі деп танып, оларды тұтқындауға үкім шығарған. Испания заңына сәйкес саясаткерлер 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?