25 наурыздан бастап «Эйр Астана» 27 қазанға дейін қолданылатын ұшулардың жазғы кестесіне көшеді. Осы мезгілде Астана және Алматы қалаларынан рейстер жиілігі ұлғаяды және жаңа рейстер ашылады. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әуекомпания ұшақтары Астанадан Лондонға, Киевке, Омбыға және Үрімшіге күн сайын қатынайды. Мәскеуге рейстер саны аптасына 12-ге, Санкт-Петербургқа 9-ға, Бейжің мен Бішкекке 5-ке, Дели мен Тбилисиге 4-ке дейін өседі. Алматыдан Бейжіңге мен Тбилисиге рейстер күнделікті болады, Мәскеуге аптасына рейстер саны 16, Санкт-Петербургқа 10, Киев пен Бішкекке 9, Душанбеге 5, Бакуға 4, Гонконгқа 3 рейс құрайды.
26 наурыздан әуекомпания Атыраудан Франкфуртқа аптасына 2 рет орындалатын жаңа рейс ашады. 2 маусымда Астанадан Түменге аптасына 3 рет жиілігімен әуебайланысты орнатпақ. 3 маусымда Астанадан Қазанға апталық рейс орындалады, қыркүйектен бастап аптасына 3 рейс болады.
Жазғы маусымда «Эйр Астана» әлемнің 21 еліне, соның ішінде ТМД-ның 5 еліне (Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және Украина мен Грузияға рейстерді орындауды жалғастырады.
ТМД елдеріне және Грузия мен Украинаға бағыттық желі 13 қаланы қамтиды: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы, Екатеринбург, Новосибирск, Түмен, Киев, Баку, Тбилиси, Ташкент, Бішкек және Душанбе.
Ішкі рейстер Қазақстанның 12 қаласын қамтиды: Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Қарағанды.
2018 жылы «Сathay Pacific» гонконгтік әуекомпаниясымен және LOT поляк әуекомпанисымен жасалған кодшерингтік келісім арқасында «Эйр Астананың» транзиттік жолаушылар ауқымды бағыттық желіні пайдалана алады.
Сондай-ақ Lufthansa, Air France/KLM, Hong Kong Airlines, Air India, Asiana Airlines, Bangkok Airways, Etihad Airways, Turkish Airlines әуекомпанияларымен қолданыстағы кодшерингтік келісімдер және 25 интерлайн келісімдер жолаушыларға 400 астам шетел қалаларына түйісулер мен тарифтерді қолжетімді етеді.