Бейсенбі, 23 тамызда батыстық екі бірдей ірі авиакомпания Иранмен әуеқатынасын тоқтатататындықтарын мәлімдеді. Бұл туралы франциялық «20minutes.fr» агенттігі хабарлайды.
Еуропадағы ірі авиакомпаниялардың бірі франко-голландиялық «Air France KLM» коммерциялық себептерге байланысты Теһранға (Тегеранға) әуе рейстерін тоқтататынын мәлімдеген. Компания өкілдерінің мәліметінше, «Air France» экономикалық төмен көрсеткіштердің кесірінен 18 қыркүйектен бастап ұшу кестелерін жоймақ. Одан бөлек, британиялық «British Airways» әуекомпаниясы да Лондон мен Теһран арасындағы әуе қатынастарын тоқтатуға ниетті екенін хабарлаған. Аталған компания ұшақтарының Лондоннан шығатын соңғы рейсі 22 қыркүйектен соң, ал Теһраннан 23 қыркүйектен соң тоқтатылады. «British Airways» әуекомпаниясының маршруты 2015 жылы Иран мен бастыстық державалардың арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарттан кейін жаңартылған еді. Алайда, осыдан үш ай бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Уашингтонның осы келісімшарттан шығатынын хабарлаған болатын. Әрі, Иран мен онымен серіктес компанияларға қосымша санкциялар салды. Осы жағдайдан кейін, экономикалық себептерге байланысты ұшу рейстерінен бас тартқан батыстық әуекомпаниялардың бұл әрекеттері Иран үшін тағы да үлкен соққы болып отыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті