Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Сегіз серінің 200 жылдық мерейтойына арналған «Сал серілердің серкесі» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.
Айтысқа, өңір-өңірден айтыстың қазанына қайнаған, "сен тұр мен атайын" деген азаматтар қатысып, сөз өнерінің сәнін кіргізді.
Сонымен солтүстіктегі айтыстың қорытындысы бойынша Ринат Зайытов өзгелерден оза шауып, бас жүлде - автокөлікті қанжығаға байлады. Одан кейін бірінші орынға Мақсат Ақанов ие болып, 1 млн теңге сыйақы алды. Екінші орын алған Жарқын Жұпархан (СҚО) мен Жансая Мусина 500 мың теңгеге ие болды. Болатбек Оразбаев, Хазірет Бердіхан және Әсем Ереже үшінші орын алып, оларға 300 мың теңгеден берілді.
Сондай-ақ, Тұрсынбек Кəкішев атындағы арнайы жүлде Айбек Қалиевқа, Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы жүлде Мұхаммед Қонқаевқа (СҚО),
Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлде Қалижан Білдəшевке табысталды