Алматыда шеруге шыққан жастарды полиция қалай ұстады?
Маусым айының 10-ынан 11-іне қараған түні Алматы қаласының Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында бір топ жастарды полиция мен арнайы жасақ сарбаздары ұстады.
;feature=youtu.beШарушілер бастапқыда "Целинный" кинотеатрының алдына жиналып, айтыскер ақын Ринат Зайытовты босатуды талап еткен. Кейіннен Ринат Зайытов алаңға келіп, бостандыққа шыққандығын айтып, өзін қолдап келген халықтан бейбіт жолмен тарауды сұраған. Бірақ жастар "Целинный" кинотеатрының алдынан төмен құлдап, Төле би көшесімен Сайран авто бекетіне қарай бағыт алған.
;t=22sДәл осы күні сағат 18-00 шамасында "Алатау" дәстүрлі өнер театры алдында Ринат Зайытов пен режиссер Еркін Рақышев бастаған бір топ белсенді кезектен тыс президент сайлауының қорытындысына қарсы наразылық акциясын ұйымдастырған. Бірақ оларды көп ұзамай полиция мен арнайы жасақ сарбаздары ұстаған. Кейіннен әлеуметтік желілерде белгілі журналист Мақсат Толықбай бастаған белсенділер "Целинный" кинотеатрының алдына жиналып жатқандықтарын айтып, билік өкілдерінен Ринат Зайытовты босатуды талап еткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?