Солтүстік Қазақстан облысында 19 мың адам баспана кезегінде тұр, оның 13 мыңы Петропавлда. Былтыр өңірде тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге артты. 2018 жылы қарқын үдей түседі. Биыл облыс орталығында 1600 пәтерді қолданысқа беру көзделген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Арзан ипотека, салықты түсіру, шағын несиелерді және білім гранттарын көбейту үлкен қаражатты талап етеді. Бұған мемлекет қаржы тапты», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің хабарына қарағанда 60 мың теңгеден аз еңбекақы алатын азаматтар бұдан былай тек 1 пайыз ғана салық төлейтін болады. Өңір бюджетіне шамамен 1 млрд теңге кем түскенмен, халықтың кірісі көбейіп, сатып алу мүмкіндігі ұлғаяды.
Ақпаратқа қарағанда, СҚО-да былтыр 2 млрд теңгенің 437 шағын несиесі берілген. Биыл бұл бағытқа 2,8 млрд теңге бөлінді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды