Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Қанат Бозымбаев журналистер алдында орынбасары Ғани Сәдібековтың ұсталуына байланысты сөйлеген сөзінде: «Біздің министрліктің вице-министрі мен департамент директоры қамауға алынды. Бұл біздің ұжым мен министрлік үшін ауыр соққы болды. Дәл қазіргі жағдайда барлық сұрақтарға құзырлы органдар мен қорғаушылар (адвокаттар) жауап беруі керек. Қазір министрлікте ешқандай материал жоқ барлығын тексеруші органдар алып кеткен. Сондықтан біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қанат Бозымбаевтың орынбасары Ғани Сәдібековтың Щучинск-Бурабай демалыс аймағындағы көлді тазарту жұмыстарына бөлінген қаржыны «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымның басшысымен бірге жымқырғандығы анықталған болатын. Кейіннен Астана қаласының №2 аудандық соты Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновты екі айға қамауға алуға шешім шығарған.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?