ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1% дәлізбен 9,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұған дейін базалық мөлшерлеме 9,75% деңгейінде болды. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жылдық инфляция 2018 жылға арналған нысаналы дәліз ішінде баяулауын жалғастыруда. Инфляциялық күтулер төмендеу үрдісін көрсетіп отыр. Қысқа мерзімді аралықта жылдық инфляцияның 5-7% дәлізінің төмен шегінен шығу тәуекелдері бар, алайда орта мерзімді кезеңде инфляция 2019 жылға арналған 4-6% жаңа нысаналы дәліз аралығында
болады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Бас банктің мәліметінше, сыртқы нарықтарда және сауда әріптес елдердегі жағдайдың даму болашағына қатысты жағымды үрдістерді және оң бағалауды, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсуін 2018-2019 жылдары сақтау бойынша болжамдарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылы бейтарап ақша-кредит талаптарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету саясатын жалғастырады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейінен 9,75%-ға дейін төмендеткен болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды