Кеше, бір күнде түрік лирасы 15 пайызға арзандап, 1 америка доллары 13 лираға тең болып қалды. Көптеген сарапшылар бұны президент Режеп Тайып Ердоғанның экономиканы қолдау бойынша жолға қойған жоспарларының нәтижесі деп сынауда.
Түркия президенті қыркүйектен бері қарай Ұлттық банкке пайыздық мөлшерлемені үш рет түсірткен еді. Оның бұл әрекеті оппозиция қазіргі 20 пайызды құраған инфляцияға алып келді деп қатты сынға алынуда.
Инвесторлардың сенімінің жоғалуынан биылғы жылдың өзінде түрік лирасы 45 пайызға дейін құнын жоғалтты. Бірақ, соған қарамастан президент Ердоған өз саясатын батыл қорғап келеді әрі табанды жалғастыратынын айтуда. Оның есебінше жоғары пайыздық мөлшерлемелер бәрі бірдей инфляцияны азайтуға көмек бермейді.
«Валютаның, пайыздық мөлшерлеменің және бағалардың өсуімен ойнап отырған ойыншыларға куә болып отырмыз. Біз өзіміздің жоспарымызды жүзеге асыра алатынымызды көрсетуіміз керек», – деген Түркия президенті кезекті мәселеге қатысты мәлімдемесінде.
Ердоған әкімшілігі пайыздық мөлшерлемелерді қысқарту инвестицияны қолдап, экспортты жандандырады, жұмыссыздықты азайтады деген көзқараста. Алайда, оған қарсы көзқарастағы экономистер бұны жүзеге аспайтын план қатарында сынайды.
Бұл жағдай Түркияда Ердоған мен оның АК партиясын қолдаушыларды күрт азайтып жіберген. Осы орайдан пайдаланып, оппозиция сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге шақыруда, оларды қолдаушылар көшелерде ереуілдетіп жүр. Бірақ, Ердоған табандылық танытатынын аңғартуда.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?