Бүгін "Алаш" қозғалысының көсемі әрі Алашорда үкіметінің жетекшісі болған Әлихан Бөкейханның туғанына 152 жыл толды.
Әлихан Бөкейхан 1866 жылдың 5 наурызында дүниеге келді. Бұл патшалы Ресейдің отыршылдық саясаты жыл өткен сайын күшейіп, қазаққа тән билік құрылымдары жойылып, салт-дәстүр мен мәдениеттің өз елінде салтанат құруына, қазақ жұртының дербес халық ретінде өмір сүруіне кедергі көбейген кез еді.
Әлихан Бөкейхан тек қазақ қоғамындағы қайшылықтарды ғана қозғап қоймай, сол кездегі саяси ахуалға да араласа бастады. Мұнымен Әлихан Бөкейханның Ресей патшалығына жақпағаны белгілі. Ол қазақ халқының қазақ балалар білім алатын барлық бастауыш мектептерде ана тілі мен жазуын енгізу, қазақ тілінде газет шығарып, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу талабын орындауды да қолға алды.
Алайда сол кездегі саяси биліктің қармағына ілінген ол 1937 жылға дейін кем дегенде үш рет тұтқынға алынып, 1937 жылдың күзінде ату жазасына кесілді.