Словакия президенті Андрей Киска журналист Ян Кучактың өлімінен кейін, билікте болып жатқан дағдарысқа байланысты үкімет құрамын өзгертуді не мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етті. Ол бұл мәлімдемесін теледидар арқылы жолдады, деп хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Президент Словакия үкіметін "өркөкірек" деп айыптады. Ол биліктің халыққа сенімін қалпына келтіру үшін, үкіметтің қандай саяси шешімдер қабылдайтынын бір апта күткенін жеткізді. Бірақ ол ешқандай ұсыныстар естімеген. "Кейбірі отставкаға кетті, бірақ мен халық сенімін туғызатын ешқандай жоспар көріп тұрған жоқпын", - деп атап өтті президент.
Журналист Ян Кучакты 25 ақпанда құрбысымен бірге Братиславадан 65 шақырым жердегі үйінде өлтіріп кеткен. Бір аптадан кейін Словакияның мәдениет министрі Марек Мадарич отставкаға кетті. "Мен мәдениет министрі ретінде, журналисті өлтіріп жатқанда, қарап отыра алмаймын", – деп мәлімдеген Мадарич.
Журналист өлімінің себебі әлі анықталмады. Бірақ оның әріптестерінің сөздеріне қарағанда, Ян Кучакты кәсіби қызметіне байланысты өлтірген. Журналист италиялық мафияның Словакия үкіметіне ықпалын зерттеген. Атап айтқанда, ол премьер-министр Роберт Фицоның маңайындағы адамдардың мафиялық топқа жататын италиялық кәсіпкерлермен тығыз байланыста екенін ашқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?